Accessibility links

Таяу шығыс "төрттігі" тарапатрдың екі жағын да шабуылдарды тоқтатуға шақырды.


Таяу шығыстағы бейбітшілікті жақындату өкілеттігіне ие болғандар израилдықатр мен палестиндіктерге кеше тағы да қайрылып, екіжақты қақтығыстарды тоқтату шараларына шақырды. Таяу шығыс төрттігі – АҚШ пен Европа одағы, БҰҰ-ы мен Ресей өкілдері Нью-Йорктегі кездесуден кейін осындай мәлімдеме жасаған. БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан оқыған мәлімдемеде Израилдың Палестин жерінде құрылыстар жүргізуін тоқтатсын дегеннен бастап, тараптардың екі жағына да қаратылған сөздер бар: - Төрттік мүшелері тамыз-қыркүйек айларында израилдықтарға қарсы жасалған қастандық шабуылдарын айыптайды. Олар жекелеген жанкештілік шабуылдар мен кейбір топтардың қастандық шабуылдарын ұйымдастыруларына қарсы Палестин жағы нақты шешімді шаралар қолдануға шақырады, - деді К.Аннан. Бірақ осы әңгімеден бір сағат өтпай жатып-ақ Батыс жағалауда қарулы палестиндіктер атыс кезінде бір израилдық пен кішкентай қыз баланы өлтіріп, басқа екі адамды жаралаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG