Accessibility links

К.Пауелл: Ирақтың өзін-өзі басқаруы жыл ішінде жүзеге асуы мүмкін.


АҚШ-тың мем-тік хатшысы К.Пауелл кеше Америка Ирақ басшыларының жаңа Конститутцияны алты айда жазып бітіргенін қалар еді деп айтқан. Оның айтуынша бұл шектеулі мерзім еемс, бірақ та осылай жасаған жағдайда бір жылдың ішінде өзін-өзі басқаруға қол жеткізуге болады деген. - Егер 6 айдан кейін Конситутция дайын болатын мақсатқа жетсек, одан соң көп өтпей-ақ адамдар оны мақұлдап, соңынан сайлауға әзірленуге болады, - деп атап көрсеткен ол. БҰҰ-ның бас хатшысы К.Аннан Бағдадтағы БҰҰ-ның штабына екі бірдей шабуыл жасалғандықтан, бұдан былай ондағы халықаралық қызметкерлердің азайтылғаны жөн деген пікір айтқан. Кеше сондай-ақ Ирақтағы басқару кеңесіндегі үш әйелдің бірі- өткен аптада жасалған қастандықтан қаза тапқан Акуила әл-Хашимиді Нажафта жерлеу рәсімі өтті. Ал Бақуба қаласында базарда миномет снарядының жарылысынан ирақтық 9 тұрғын өліп, тағы да 15-і жарақат алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG