Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО бастаған қауіпсіздік күштерінің мандатына байланысты басқосу


Кеше Германия мен Францияның, Польшаның қоғаныс министрлері Германияның солтүстігінде Ауғанстандағы НАТО бастаған халықаралық қауіпсіздік күштерінің мандатын кеңейту турасындағы Берлиннің ұсынысын талқылауға жиналды. Министрлер сондай-ақ Ирақтағы жағдайды талқыға салды. Германияның қорғаныс министрі Питер Страк Германия Ирақтың қауіпсіздік күштерін оқытамыз деген уәдесін орындайтын болады деген. Берлин Ираққа өз жасақтарын жібермейтіндіктерін мәлімдеген болатын. Оңтүстік-орталық Ирақта орналасқан 9,500 халықаралық күштерге Польша басшылық етуде.
XS
SM
MD
LG