Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі қару-жарақ жасырылған құпия қоймадан 23 “Жер-Аспан” зымыраны табылды.


БАҒДАД: Ирақтың солтүстігінде қару-жарақ жасырылған 4 құпия қойма табылды. Қоймалардың Тикрит қаласы іргесінде аңғарылған ең ірісінде – “Жер-Аспан” жүйесіне жататын 23 зымыран және қопарғыштар мен оқ-дәрінің үлкен қоры табылды. Әскери АҚШ басшылығының ақпары бойынша, өткен тәуліктерде американ жауынгерлеріне қарсы жасалған шабуылдарға қатысты деген күдікпен 74 Ирақ азаматы ұсталды. Жексенбі күні мәлім болғандай, Бағдадтан оңтүстікке қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан Хилла қаласында сенбі күні поляк күзеті атқыланды. Атыс кезінде шабуыл жасағандардың бірі мерт болды. Ол аудан Польшаның басқаруындағы халықаралық күштердің қадағалауына қарайды.
XS
SM
MD
LG