Accessibility links

К.Пауэлл: Вашингтон БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Ирақ бойынша жаңа Қарардың жобасын 2 күннен кешіктірілмей ұсынгады.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл хабарлағандай, БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Ирақ бойынша жаңа Қарардың жобасы 2 күннен кешіктірілмей беріледі. Эй-Би-Си телекомпаниясына жексенбі күні берген сұхбатында К.Пауэлл Ирақтағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық шараға жаңа серпін беріледі деген үмітін білдірді. Сонымен бірге оның пікірінше, АҚШ-тан басқа елдердің әскерлері есебінен Ирақтағы бітімгершілік күштерінің ерекше нығайтылуына онша көп үміт артуға болмайды. К.Пауэлдің айтуынша, Ираққа әскерін жіберу жөнінде Түркиямен арада “салмақты әңгіме” өтуде. АҚШ басшылығының Пәкістан жетекшілерімен жуырда ғана болып өткен келіссөздерінде де осы тақырып сөз болған. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселлелері бойынша кеңесшісі К.Райс ханым, Ирақ проблемасы бойынша АҚШ, Ресей, Германия ұстанымдарының жақындасуына ризалығын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG