Accessibility links

Қазақстан жоғары оқу орындарының дипломдары шет елдерде пайдалануға келмейді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстандық дипломдар тек тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде ғана пайдаланылады.

Осы тығырықтан шығу үшін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі бұл проблеманы шешудің жолын іздестіруде. Білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевтің айтуынша, бұл мәселені шешуге болады.

- Қазақстан дипломының басқа мемлекеттерде мойындалуы өте қиын жағдай. ТМД мемелекеттерінде ол шешілген мәселе. Өйткені, ТМД мемлекеттерімен екіжақты келісім-шартымыз бар. Соған байланысты біздің дипломдарымыздың барлығы ТМД елдерінде мойындалады. Ал, Қазақстанның университетін бітргендер еуропаның мемлекеттеріне барып жұмыс жасай алмайды. Өйткені, ол жақта біздің дипломдарымыз мойындалмайды. Оны біз екіжақты келісім арқылы шеше алмаймыз. Өйткені, шетелдерде дипломды мойындатудың процедурасы бөлек. Оларда тәуелсіз ассоциациялар бар. Ол үшін олар біздің диплом беретін унверситеттер қаншалықты еуропаның стандартына сәйкес білім береді соны тексеру керек. Оның жолы қиындау. Дегенмен шешуге болатын мәселе.

Қазақстан үшін білікті мамандар даярлау айтарлықтай қаржыны қажет етеді.

– Біз магистрлық, докторлық бағдарламаларды шетелдің университтерімен бірігіп жүргізетін болсақ және шетелдің университтерімен келісім-шартқа отырып, сол бағдарламалар бойынша оқуды бітірген адамдарға екі жақтың ректорлары қол қойып диплом беретін болса, ол мойындатудың бірден-бір жолы болады. Мұғалімдердің біразын шетелден алып келуіміз керек. Сол бағдарламалар бойынша кадрлер дайындау мемлекетке қымбатқа түседі.

Жақсыбек Күлекеевтің айтуынша, дүниежүзілік аккредитациядан өту мемлекетке өте қымбатқа түседі. Сондықтанда ол унверситттерге көмектесу керек деп есептейді.

- Жаңадан ашылып жатқан бағдарламаларды дүниежүзілік аккредитациядан өткізуге болмайды. Аккредитациядан өту үшін 5-6 рет түлек шығаруы керек. Содан кейін ғана құжаттарды беруге болады. Оны күтетін болсақ созылып кетеді. Жылдамдатудың бір жолы шетелдік университтермен бірігіп кадрлер дайындау. Мәселен, бір факультетті дүниежүзілік аккредитациядан өткізу үшін 300-400 мың доллар керек. Оны біздің университтер шеше алмайды. Мүмкін грант алу керек шығар, шетелдік ұйымдардан, қорлардан. Бұл өзі ақылдасып шешетін мәселе.

Министрдің айтуынша, мұндай жоғары оқу орынын бітірушінің дипломды қай елде қорғаса да өз еркі. Өйткені, қойылатын талап барлық жерде бірдей болады.
XS
SM
MD
LG