Accessibility links

Билік қуғынынан қорғайтын комитет

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Ақтөбе облысында билік тарапынан қуғын көрген азаматтардың құқын қорғау жөніндегі қоғамдық комитет құрылды.

Комитетті құрушы ынталы топқа саясаткер-Жасар Қуанышәлі, ақын-Айсұлу Қадырбаева, Құдайберген Жұбанов атындағы Университеттің оқытушысы Жер кодексін қабылдауға студенттерді ұйымдастырып қарсы шыққан Ерболат Сатыбалды бар барлығы 13 адам мүше болған.

Жергілікті мәслихаттарға үміткерлер сайлау науқаны кезіндегі биліктің заңсыз әрекеттері осы комитетті құруға мәжбүр етті дейді комитеттің белсенді мүшелерінің бірі оралмандарды бейімдеудің облыстық орталығының төрайымы Дәмегүл Өтепқызы. Оның айтуынша Ақтөбе облысында сайлау кезінде комисия тарапынан өрескел заң бұзушылықтар көп болыпты.

Облыс аймағынан көшіп кеткен немесе қайтыс болған адамдардың атына жазылған шақыру қағаздары келген. Керісінше кейбір тұрғындар шақыру қағаздарын алмаған. Сонымен бірге соңғы уақытта саясаткер Жасар Қуанышәлі мен зайыбы Айсұлу Қадырбаеваға қарсы түрлі әрекеттер де көбейген.
XS
SM
MD
LG