Accessibility links

Иран Сыртқы істер министрі бұл елдің БҰҰ жанындағы ядролық зерттеу агенттігімен әріптестік орнатуға әзір екендігін, дей тұрғанмен қуат көзі ретінде байытылған уранды одан әрі қолдана беретіндігін айтты.


Жоғары дәрежеде байытылған уран ядролық қаруларды жасауға да пайдаланылады. АҚШ тарапы Иранды осындай ядролық қару жасауға тырысуда-, деп айыптап келеді. Ал, Иран жағы болса, мұндай айыптауды жоққа шығарып, аталған бағдарлама елге електр қуатын өндіру үшін қажет, деп түсіндіруде. Американың АБС телеарнасы арқылы сөйлеген сөзінде Иран Сыртқы істер министрі Камал Харази мырза өз елінің БҰҰ жанындағы МАГАТЕ және Қару-жарақты таратпау жөніндегі шарт аясында, заңды түрде електр қуатын өндіру шараларын жүзеге асыра беретіндіктерін айтты. Бұл орайда БҰҰ-ның кең тұрғыдағы тексеру комиссиясын елге жіберу жөніндегі қосымша қаттамаға да қол қоюға әзір екендіктерін хабарлады. Тексерушілер Техранға бейсенбі күні келмекші.
XS
SM
MD
LG