Accessibility links

Бүгін АҚШ әскерилері мен Ирак полициясы Тикрит қаласында ең ірі біріккен шараларын жүргізді.


Оның барысында күдікке ілінген төрт адам ұсталған. Ал, Ирактағы қауіпсіздік және қайта құру ісіне халықаралық күштердің көптеп қатысуын Америка ресми тұлғалары сұрап келеді. Бұл тұрғыда Мемлекеттік хатшы Колин Пауелдің айтуынша, Үндістан елі Иракқа көмек күштерін жібермейтіндігін қазірдің өзінде аңғартып отыр. СНН теле арнасы арқылы сөйлеген сөзінде Пауел мырза Түркия, Бангладеш, Пәкістан елдерінің Иракқа өз күштерін жіберу мүмкіндіктерін қарастыруда екендіктерін хабарлағандығын, алайда әзірге ешқайсысының да нақты түрде жасақ жібере қоймағандығын айтты. Оның сөзіне қарағанда 31 елден жіберілген 22 мыңдай әскерилер қазіргі кезде Ирак жерінде тұрған 130 мың Америка солдаттарына көмектесуде. Өткен аптада АҚШ ел басы Буш ирактағы жағдайға байланысты, БҰҰ-на мүше елдерге тағы да әскери және қаржылай көмек сұрап қайрылды. Британия өкімет басшысы Тони Блейр де Еңбек партиясына қайрылып, Ирак соғысы әлемдегі қауіпсіздік пен сақтық шараларына игі әсерін тигізетін болады-, деп сенім білдірді. Саддам Хусейн өкіметінің жаппай қырып-жоятын қаруы бар-, деген тұрғыда көпшілікті жаңсақ пікірге жетелегені үшін Блейр мырзаның соңғы әзірде беделі күрт түсіп кетті,- дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG