Accessibility links

«Қазақстанға үдіре көшуді ертерек деп есептейді»


Жақында Манғолияның Ұлан-Батыр қаласында жаңа немесе жаңарған демократияға арналған бесінші халықаралық конференция болып өтті.

Осы халықаралық форумға қатысып қайтқан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанұлы, Манғолиядағы қазақ диаспорасымен жүздесіп қайтқан болатын.

Манғолиядағы қазақ диаспорасы Мәжіліс депутатына өздерінің аманттарын айтып, оны Қазақстанның Үкімет басшысына жеткізуді өтініш еткен.

Осы сапар туралы «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижанұлы, Манғолиядағы қазақтардың мынадай өтініш-тілектерді айтқанын әңгімелеп берді.

- Халықаралық форумға қатысқаннан кейін ондағы қазақ диаспорасымен кездестім. Кездесудің өтуіне Қазақстанның елшілігі ықпал етті. Манғолияда 110 мыңдай қазақтар тұрады. Сан жағынан ең көп қоныстанған жер Баян-Өлгей аймағы. Ондағы қазақтардың саны 70-80 мыңға жуық. Қобда аймағында 15-20 мыңдай, Ұлан-Батур қаласында 10 мыңдай және Манғолияның өнеркәсіп орындарында, Дархан, Ердене, Шарынқол деген жерлерінде 4-5 мыңдай қазақ тұрады. Соңығ уақыттары көші-қон үрдісіне байланысты Монғалиядағы 70-80 мыңдай бауырларымыз Қазақстанға келді. Олардың көбі Баян-Өлгей өңірінен. Дархан, Ердене, Шарынқол жағындағы қазақтар ұмыт қалған. Баян-Өлгей жағында ауылшаруашылығымен айналыстан қазақтар тұратын болса, қаланың түбінде, өнеркәсіп мекендерінде білім алған зиялы қауым өкілдері тұрады. Алдағы 3-4 жылдың ішінде 2 миллионға жуық қазақтарды көшіру мәселесіне өте түсіністікпен қарайтындарын айтып жатыр. Манғолия үкіметінің қазақтарға деген көзқарасының дұрыс екенін халыққа жеткізуді өтінді. Манғлоиядағы шетелдік азаматтар және азаматтық істер жөніндегі қызметтің дерегі бойынша бүгінгі таңда Қазақстанға 65 мыңдай қазақ оралған көрінеді. 1994-2002 жылдар аралығында 24 мың 356 адам Манғолия азаматтығынан шыққан. Манғолияда тұратын қандастарымыздың хал-ахуалы жалпы қанағаттанарлық. Манғолиядағы Еңбек туралы заң бойынша қазақ диаспорасы үшін 22 наурыз демалыс күін болып жарияланған.

Уәлихан Қалижанұлының айтуынша, Манғолия Үкіметі қазақ мектептерінің жағдайына назар аударып отыр. Алайда, ол жердегі қазақтарды ойландырып отырған мәселелерде баршылық.

- Бүгінгі таңда Манғолияда 34 қазақ мектебі жұмыс істейді. Оның 33-і Баян-Өлгейде. Бір мектеп Қобда аймағында, 2 қазақ сыныбы Налайық қаласында. Орта білімді қазақ тілінде беруге жағдай жасап отыр. Ал, жоғары оқу орнында оқу Манғол тілінде жүргізіледі. Осыған байланысты қандастарымыздың арасында әртүрлі пікірлер болып жатыр. Қазақстанға қазір үдіре көшуді олар ертерек деп есептейді. Бұны қандай саясатпен айтып отыр. 2 миллиондай қазақтың шоғырланған жері Өзбекстан. Онда 10 жылдан бері латын әліп-биіне көшіп, барлық оқу өзбек тілінде жүріп жатқанынан хабардар. Сондықтанда ол жердегі қандастарымыздың өзбектену үрдісін басынан кешіп отырғаны қатты алаңдататынын мәлімдеді. Елбасына, Үкімет басшысына осы мәселені түсінетіндіктерін жеткізе отырып, олар Германия, Польша мемлекеттерінің саясаттарын Қазақстан жағы да қолдауды сұрап отыр. Айтып отырған жағдай, Баян-Өлгей жағында мал өсіретін қандастарымыз тұрады. Қазақстан сол жерде тұратын қазақтарға инвестиция әкелсе, мал өнімдерін өңдейтін шағын зауыт-фабрика салса дейді. Бұрын мал өнімдерін Қазақстанға қарай өткізе алатын болса, енді өткізе алмайды. Өйткені, ортада Ресей тұр. Қазақстан мен Баян-Өлгейдің арасында жатқан 45 шақырымдық Ресейдің шекарасынан өтетін жолды Ресей Үкіметімен бірлесе отырып, түсіністікпен шешіп, ары-бері өтуді және жолды жөндеп беруді Үкімет басшысына жеткізуді сұрады. Манғолиядағы қазақ диспорасы Баян-Өлгейдегі қазақ театрының репертуарлық сапасын көтеру мәселесіне де көмек сұрап отыр. Сондай-ақ Қазақстан Үкімет басшысына Баян-Өлгейде инженерлер дайындайтын политехникалық білім беретін институттың филиалын ашу туралы тілектерін білдірді. Ұлан-Батур қаласында қазақтардың мәдени орталығы жоқ екен. Сол мәдени орталықты құруға Қазақстан көмектессе деген де тілек айтты, – дейді депутаты Уәлихан Қалижанұлы.
XS
SM
MD
LG