Accessibility links

Жақияновқа қатысты бейнетаспаның шындығы тергеу ісі аяқталған соң жария болмақ

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Ғалымжан Жақиянов Қазақстан Парламентінің депутаттары Серікболсын Әбділдин мен Төлен Тоқтасынов арқылы сәлемдеме айтып жіберіпті.

Онда ол “Мен кешірім жасаған күнде саясаттан кетем деп айтқам жоқ және ондайды растағам жоқ. Осы сөздерімді халыққа жеткізсеңіздер екен” депті. Қыркүйектің 29- күні Құсмұрынға барып, Жақияновпен кездесіп келгеннен кейін, Ұлттық баспасөз клубында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Парламент депутаттары осы жайды баян етті.

Ендігі бір бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін түсініксіз жайт, ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері көрсеткен бейнетаспа, онда қорғаушысы Елена Ребенчук Жақияновтың Президенттің атына жазған өтініш хатты оқып береді. Ол хатта “Мен саяси аренадан кетем, Демократиялық таңдау қозғалысын қаржыландырмаймын. Менің үстімнен қылмыстық іс қозғамауларыңды сұраймын” деген.

Бейнетаспада көрсетілгендей Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Жақияновқа осы хатты растайсың ба дегенде, Жақиянов ия, растаймын деп басын изейді. Бұл мәселе жөнінде Құсмұрынға барып келген Парламент Мәжілісінің депутаттары былайша түсіндіреді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Көзыкөрпеш Қарбузов Жақияновқа Қауіпсіздік комитеті төрағасы Нартай Дүтбаевпен кездесуге келісесің бе деген де Жақиянов ия, келісем деп жауап берген. Төлен Тоқтасыновтың пікірінше, бейнетаспаны монтаждап осы сөздерді қосып жіберуі мүмкін.

Алайда қыркүйектің 15-де жасаған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесінен кейін депутат Төлен Тоқтасынов Жақияновтың қорғаушысы Елена Ребенчук баспасөз мәслихатын өткізеді. Сонда бәрін түсіндіріп береді деп журналистермен кездесуінде айтқан болатын. Бірақ Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына Жақияновтың қорғаушысы әлі күнге шыққан жоқ.

Бұл жайды Парламент депутаттарының айтқанынан түсінгеніміз, Елена Ребенчук қазір Жақияновтың қасында, жаңадан қозғалған іске, олар дайындалып жатыр және ол “тергеу ісі жүріп жатқан кезде қандайда болмасын мәліметтерді Бұқаралық ақпарақт құралдары алдына шығып таратуға құқы жоқ” деген заң талаптарына сәйкес Жақияновтың қорғаушысы бейнетаспадағы көріністердің шындыққа сай келетінін не болмаса келмейтінін айтып, түсіндіріп беруге мүмкінідігі жоқ екен.

Мәжіліс депутаты, Коммунистер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері көрсеткен бейнетаспадағы көріністерді Бас прокуратура сараптаудан өткіздік, жалғандығы жоқ деп мәлімдеме жасамақ көрінеді.

Ал бас прокуратураның жасаған сараптауларына жоғарыдағы Мәжіліс депутаттары күмән келтіреді. Бейнетаспаны тәуелсіз сарапшылар тексерген жөн деп отыр.

Коммунистер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин болса, Жақияновқа жасалып отырған осындай түрлі қитұрқы әрекеттердің өзі Жақияновтың саяси тұтқын екендігін көрсетеді дейді.

Ғалымжан Жақиянов – бұрынғы Павлодар облысының әкімі. Қазіргі Демократиялық таңдау қозғалысының жетекшісі. Мемлекеттік қызметін асыра пайдаланды деген айыппен жеті жыл бас бостандығынан айрылып, қазір Құсмұрындағы абақтыда отыр.
XS
SM
MD
LG