Accessibility links

“Ұлы Жібек Жолы яғни Батыс пен Шығыс арасындағы диалог-әңгіме”


Көптен бері айтылып келе жатқан Батыс пен Шығыс арасындағы диалог-әңгіме, өркениеттер арасындағы қарым қатынасты нығайтып бір бірін түсінуге жетелесе ал осы аптада Астанада өткен діндер арасындағы диалог-әңгіміде алемде бейбітшілік болуға, діндер арасындағы татулыққа жол ашпақшы.

Өткен аптада Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында “Ұлы жібек жолы яғни Батыс пен Шығыс арасындағы диалог” атты халықаралық көрме болып өтті. Осы көрмеге барып қатысқан кезімізде шынымен де Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстың өнершілер мен суретшілер туындылары арқылы олардың қолымен қалай жасалып қалың қауым алдында жұртшылық назарына ұсынылғандығының куәсі болдық. Халықаралық көрме жайдан – жай Ұлы жібек жолы деп айтылмаған. Көрмеге Батыстың Германия, Франция секілді елдерінің суретшілері өз өнер туындыларын қойса ал Шығыстың Қырғызстан, Жапония секілді елдері өз өнер туындыларын қойыпты.

Көрмеге қатысқан Бішкекте тұратын АҚШ азаматы, “Аслан Альянс” қорының президенті Христос Стагди былай деді:

- Бір кез Ұлы жібек жолы арқылы шығыстан батысқа қарай өнер, мәдениет туындылары ағылған болса сол шығыстың өнер, мәдениетінен үйренген батыс енді өнерді басқаша түрмен шығысқа әкеліп отыр. Бұл батыс пен шығыс арасындағы диалог-әңгіменің жалғасуы болмақ. Соның бір мысалы бүгін мына Бішкекте көріп тұрған керемет көрме болмақ.

Қазақстандық мәдениеттанушы, театр режиссері Болат Атабайдың пікірінше батыс суретшілерінің бұл суреттері шығысқа таныс дүние алайда батыс суретшілері құрамдылық ойлау тәсіліне көшіп кетті сонда да шығыс елементтері ою өрнек әлі сақталып қалып отыр. Мысалы Жапон суретшісінің сызған таңбасын неміс суретшісі өзінің зергерлік жұмысына пайдаланғаны көрініп тұр.

Бішкекте өткен осы халықаралық көрмені ұйымдастырушылардың бірі орталық өнер мұражайының директоры Майрам Юсуповна осындай көрмені алдағы уақытта орталық азия елдері соның ішінде ең алдымен Қазақстанда ұйымдастырғалы отырғандығын айтты. Көрмеге қойылған батыс пен шығыстың суретшілерінің өнер туындылары еркін саудаға түсетіндігін хабарлаған мұражай директоры бағасы удай қымбат бұл дүниелерді Қырғызтанда ала қойатын адам кемде кем балкім бай көршіміз Қазақстанға апарылса иелерін тауып өтіп кетер деп айтып қалды. Германия мен Швейцариядан келген суретшілер келесі жылы “Ұлы жібік жолы” деген атпен осындай халықаралық көрмені қайтсекте Алматы мен Астанада өткіземіз деген уәделерін берді
XS
SM
MD
LG