Accessibility links

Ақ үй ыңғайсыз жағдайға тап болып отыр


АҚШ Орталық Барлау агенттігі қызметкері мәліметіне сілтеме жасап, Ирақтағы құпия қарулар жөнінде малімдеме жасағалы бері президент Буш сын астында қалған болатын.

Вашингтоннан хабарланғанындай, Ақ үй өкілі дүйсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында бұл мәселе тағы да көтерілген.

Қыркүйектің 29ы дүйсенбі күні өткізген баспасөз мәслихаты кезінде, Ақ үйлік өкіл Скот МкКлеллан, БАҚұралдары тілшілерінің , - АҚШ әкімшілігі Орталық Барлау агенттігінің деректерін , неге құпиялылық заңын бұза отырып жариялады, деген сұрағына кеңірек жауап беруіне мәжбүр болды.

МкКлеллан, президент Буштың жетекші саяси кеңесшісі, Карл Ров құпия деректің таратылуына себебші болды, деүге негіз жоқ, дегенді айтады.

- Менің сенімімде, егер ондай нәрсе бола қалса президенттің пікірінше, оны Әділет Департаменті түбегейлі зерттеп анықтауы қажет еді. Бұл өте маңызды нәрсе, - дейді Ақ үйлік өкіл.

Даудың басы , өткен шілде айында , бір барлау қызметі офицерінің дерегіне сүйеніп , президент Буш, Иран Африкадан уран сатып алмақ болған, деген кезге тура келеді.

Міне сол арада ақпарат алынды делінген барлаушының күйеуі, бұрыңғы елші Джозеф Уилсон Нью Йорк Таймс гәзетіне сыни мақала жазып, Нигер елінен Ирақтың уран сатып алуы жөніндегі мәлімет президент Буштың өткен қаңтардағы Жылдық Баяндамасына қалай еніп кеткен, деген батыл сұрақ қойған болатын.

Онысымен қоймай, Уилсон Орталық Барлау агенттігі атынан Нигер мәселесіне орай тексеру жүргізу нәтижесінде ондай мәлімет шындыққа сәйкес келмейді , деген қорытындыға да келген.

АҚШ әкімшілгінің өзі де, түсінбестік болған, - деп ол мәселені кейін жылы жауып қойған еді. Бірақ, артынша, ол жағдай консервативті саяси шолушы Роберт Новактың бір хабарында тағы да көрініс берді.

Ал өткен жексенбі күні Вашингтон Пост гәзеті бір үкіметтік дерекке сүйеніп жазғанындай, Орталық Барлау агенттігі Әділет департаментіне хат жолдап, Федералдық заң бұзылған болуы керек , сондықтан ол мәселені зерттеу қажет деген талап қойыпты.

Ол мақала жарияланысымен-ақ, оппозициядағы демократтар Құпия деректің тарауы Уилсонның әйелінің және оның әріптестерінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, деген жанашырлық жанайқайын жеткізген. Себебі, Уилсонның өмір жолдасы жаппай қырғын қарулауы бойынша сарапшы маман, дейді олар.



- Мен мұндай арамза тірлікті Вашингтонда соңғы 20 жылда көрген де, есіткен де емеспін, - дейді Нью Йорк штатынан демократ сенатор Чарлз Шумер.

Ирақ соғысына орай Ақ үй қаншама сын, айыптаулар астында қалғанымен осы кезге дейін Ирақтағы жойқын қарулар жөнінде бірер дәйекті дерек таба алмай отырғандығы да ақиқат, деп жазады Вашингтондық тілшіміз.

Міне енді президенттік әкімшілік Өкілдер палатасының Барлау комитетінен жаңа сын шабуылына тағы да кезігіп отыр.

Бірақ баспасөз брифингі кезінде АҚ үйлік өкіл МкКлеллан,

- Баспасөздегі ақпараттан өзге бізде ешқандай қосымша жаңа дерек жоқ. Бар білетінім осы, - деп ақталмақ болған.

Ал оның жауабына орай, кезінде президент орынбасары Ал Гордың Ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі болған Леон Фуерттің айтуынша,

- МкКлелланның АҚ үйдің ештеңеден хабары жоқ деуі шындыққа сай келмейді. Оны басқаша түсіндірген жөн болар . Болмаса әңгіме-дау таусылмайды.

Ал, Вашингтон Пост газетінде жарияланған мақалаға орай СиЕнЕн теле арнасының Кроссфайе бағдарламасында тікелей хабар жүргізетін Роберт Новак ,

- Шілде айында Барлау агенттігі қызметкерінен алынған деректі таратып жіберу жөнінде Буш әкімшілігінен маған ешқандай ұсыныс болған емес, - деп ағынан жарылған.
XS
SM
MD
LG