Accessibility links

Қазақстандық бала шетелге аттанды.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында орналасқан жетім балар үйінде тәрбиеленіп жатқан алты жасар Володя Часовников деген баланың тағдыры.

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында орналасқан жетім балар үйінде тәрбиеленіп жатқан алты жасар Володя Часовников деген баланың тағдырына байланысты кыркүйек айының 30- күні “Қазақстан” телеарнасында көрсетілген сюжетке байланысты Парламент мәжілісінің депутаты Омірғали Кенжебек депутаттық сауал көтерді. Депутаттың айтуынша, Курчатов қаласы сотының шешімі бойынша (аты –жөні аталмаған) бір бельгиялық азаматқа балалар үйінде өзінің бауырларымен бірге тәрбиеленіп жатқан Володя Часовниковты асырап алуға рұқсат берілген. “Алайда бұл жерде заң бұзушылықтарға жол беріліп отыр”- дейді депутат Омірғали Кенжебек.

- “Семья туралы” заңда бұл мәсел қаралып,нақтылы айтылған болатын. Кеше көрген сюжетте балалр үйі директорының айтуы бойынша бұл жерде заң бұзушылыққа жол берілген. Баланың өз бауырлары бар көрінеді. Оған қарамай бұл бала шетелдік азаматтарға беріліп отыр. Неліктен Курчатов қаласының соты осынадй шешімге келген? Аталған заңның 76-ы бабы бойынша шетелдік азаматтар бұл баланы алу үшін жақын туғандарының келісімін алуы керек болатын. Бұл жерде мұндай келісім жоқ. Балар үйі директорының да келісімін алмаған. Жаңағы баланы ауру деп тапқан. Бұл өзіміздің қазақстандықтардың істеп жүргені бизнесі. Сол баланың суретін алып, ауру деп берген. Ал балалар үйі директорының айтуынша, бұл баланың ешқандай сырқаты жоқ көрінеді. Осыған қарағанда бұл жерде директорды да,туыстарында алдаған. Ссюжетте баланы еңіретіп тұрып жылатып алып кетіп бара жатқанын көріп, бауырым елжіреді. Асырап алушы Бельгия азаматы. Заң бойынша бұл азамат өзінің жұбайымен келуі керек және баланың жанында екі аптадай болуы керек. Бұл жерде бәрі асығыстықпен жасалуда. Ал мына жолы баланы көкпар құсатып сүретіп алып кетті”.

Қазақстан өз егемендігін алғаннан бері шетелдіктердің асырап алуына 7-8 мыңдай жетім бала берілген. Мәжіліс депутаты Омірғали Кенжебек осы мәселеге байланысты көтерген сауалын Қзақстанның бас прокуроры Рәшид Түсіпбековтің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаевтың атына жолдады.

Бас прокурор Курчатов қаласы сотының бұл шешімінің заңды, заңсыз екендігін анықтауы қажет. Мәжіліс депутаты Ұлттық қауіпсіз комитетінен алты жасар Володя Часовниковты қазақстаннан шетелге алып шығудың заңдылығын нақтылауды өтінді. Депутаттың айтуынша Володяны асырап алушы шетелдік азамат әзірге Қазақстанда.
XS
SM
MD
LG