Accessibility links

Оңтүстік Қапқаз елдері өз аймағындағы тұрақтылық үшін Еуропа одағынан көмек күтеді

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Брюссель сапары кезінде Оңтүстік Қапқаздан Армения, Әзірбайжан жане Гүржістан елдерінің Сыртқы істер министрлері Европа одағынан өз аймақтарындағы даулы мәселелерді шешуде көмек берулерін сұрады.

Брюссельде Европа одағы ресми басшылығының Оңтүстік Қапқаздағы 3 мемлекет Сыртқы істер министрлері қатысуымен өткізген жыйыны нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды тілшіміз Ахто Лобйакас.

Артынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде Армения, Әзірбайжан және Гүржістандық бас дипломаттар Европа одағының болашақтағы кеңейтілуі жағдайына орай мақтау сөздерін айтып, бұл үдеріс аймақтық тұрақтылыққа және өркендеуге өз септігін тигізеді, - деген үміт айтты.

Бірақ 3 министр де Блоктағы кеңейтілу жобасында өз елдерінің жоқ екендігі жөнінде өкпе сөзін айтпады. Керісінше, Қапқаз аймағы үшін арнайы тағайындалған Европалық өкіл финляндиялық дипломат Хейки Талвитиенің алдағы жұмысына үмітпен қарайтындықтарын білдірді.

ЕвроОдақтың аймақтық рөліне орай,

Созылмалы жанжалдар аймағы - Қапқаздағы дауларды бейбіт жолмен шешуде Европа Одағының үлкен рөл ойнайтындығын біз бүгін ашық айттық. Бұл арада мен одақтың саяси және экономикалық саладағы жәрдемі орасан зор екендігін көзде тұтып отырмын, - дейді Гүржістан Сыртқы істер министрі Менагарашвили.

Ал Әзірбайжан сыртқы істер министрі Гүлиев Қапқаз елдеріне тағайындалған Одақ өкілі Талвитиенің ізгі қасиеттері жөнінде тоқтала келе, 10 01 13

- Арнаулы елші Талвитиенің кеңсесі арқылы ЕвроОдақ біздегі аймақтық жанжалдарды шешуде белсенді іс атқаруы мүмкін. Өз кезегінде біз де ол елші арқылы ЕвроОдаққа жанжалдас тараптардың жоспарлары және атқарылған шаралар жөнінде есеп беріп тұратын боламыз, - деді министр.

Талвитие 1995-96 жылдары Таулы Қарабақ мәселесімен шұғылданған ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымының Минскі тобын басқарған.

Арменияның ЕвроОдаққа деген игі үміті жөнінде Сыртқы істер министрі Вартан Осканян былай дейді.

- Қапқаз елдеріндегі қазіргі негізгі мәселе ЕвроОдақпен өзара ынтымақтастық байланысты нығайту. Ол үшін , аймақтық жанжалды жағдайға қарамай, 3 елдің Евро Одақтың көлік және энергия саласындағы бағдарламаларында қатысуы үлгілі мысал болмақ, - дейді армениялық министр.

Ал Осканянның айтуынша, болашақтағы үлкен жоспар бұл қапқаздық 3 елдің Европа одағына мүшелікке дайындығын іс жүзінде дәлелдеу.

Европа комиссиясының Кеңдеу Европа талаптарына орай Армения сыртқы істер министрі өз ойын былайша жеткізеді.

- Болашақ өзгерістер жөнінде дұрыс мәліметке ие болсақ, шегара мәселесі шешілетін ЕвроОдаққа мүше болатындығымыз анық болса , онда аймақтық өзара жанжалдарды шешуге де біз басқаша қараған болар едік. Менмендік, эгоизмнен алыстау болар едік, - дейді министр.

Дегенмен Евро комиссияның жаңа көршілермен шұғылданатын жетекші өкілі Майкл Лейдің айтуынша, қапқаздық 3 елдің ЕвроОдаққа мүшелікке алынуы әле теориялық деңгейде де ауылы алыс мәселе , бірақ мүмкін жағдай.

Ол үшін Лейдің пікірінше, Оңтүстік Қапқазда алдымен демократиялық , экономикалық реформаларды іске асырып, заң ережелерін , шегараны бақылау шараларын барынша жақсарта түсу керек.

Сондай-ақ талдаушылардың айтуынша, Қапқаз аймағындағы жұртттың тең жартысы кедейшілік деңгейінен төмен жасайтын көрінеді. Елші Талвитиенің атап өткеніндей, Арменияда маусымда өткен Парламенттік сайлау көп мәселеде халықаралық талаптарға сай болмаған.

Ал енді, Әзірбайжанда 2 аптадан кейін президенттік сайлау өтсе, артынша Гүржістанда Парламенттік сайлауда дауыс берілмек.
XS
SM
MD
LG