Accessibility links

Билік пен оппозиция: Мәслихат депутаттарын сайлауға деген саяси қөзқарас

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

2003 жылдағы Үкімет пен оппозиция: Мәслихат тепутаттарын сайлауға саяси қорытынды деген тақырыптағы талдауға орай Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры Ерлан Қарин көзқарасын білдірді.



Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстанда жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өткізілгені мәлім. Бұл сайлаудың ерекшелігі сол, оған түрлі саяси ұйымдар мен қозғалыс өкілдері белсенді түрде қатысты. Сайлаудың алғашқы турындағы қорытынды көрсеткеніндей, билік өкілдері бастапқы кезден-ақ оппозициялық бағыттағы кандидаттардың ең болмаса облыстық деңгейдегі мәслихатта жеңіске жетуіне қызығушылық білдірмеді. Сондай-ақ мәслихат сайлауындағы жағдай орталық билік тарапынан жергілікті жерде тиімді бақылаудың жоқтығын көрсетті. Сайлау барысына іс жүзінде барлық аймақта жергілікті әкімдер бақылау жасап отырды. Осыған байланысты ОСК-ның биліктің сайлау үрдісіне заңсыз араласуын әшкерелеген кез-келген оқиғағаның өзі қарапайым жағдай болып қалды.

Сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры Ерлан Қарин өткен Мәслихат депутаттарын сайлауға орай біз белгілі бір саяси қорытындыны назарларыңызға ұсынып отырмыз деді. Бұл жолы өткен сайлауларға қарағанда қызықты, бәсекелесті өтті, деген пікірін білдірді.

Осы жолы оппозициялық бағыттағы саяси ұйымдар сайлауға белсенді түрде қатысқанымен, билікпен ашық қақтығысқа бармады. Тағы бір ерекшелік, оппозиция өзінің нақты жақтастарын жасырып отырды. Бұл тактиканы оппозиция келесі сайлауларда да пайдалану мүмкіндігі айтылды.
XS
SM
MD
LG