Accessibility links

Ирақтағы адам шығыны


Мамыр айының басында АҚШ Ирақтағы соғыс табыспен аяқталды деп жариялағалы бері 5 айдан асса да, кісі шығыны одан әрі жалғасып келеді. Бұл АҚШ бастаған одақтас күштердің абыройына көлеңке түсіріп отыр дейді талдаушылар.

Ирақтағы АҚШ бастаған соғыс аяқталғалы бері бес айдан астам уақыт өтсе де зорлық-зомбылық, қатыгездік әрекеттері, қастандық шабуылдары тоқтамай, адам шығыны одан әрі жалғасып келеді.

Сaддам Хұсейнді биліктен алу соғыс науқаны басталғалы АҚШ пен британиялық 357 сарбаз өлтіріліпті. Бір ғана Бағдад пен оның маңайында 2300-дей ирақ күрескерлері қаза тапқан.

Бірақ кейбір есептерге қарағанда, АҚШ бастаған Ирақ соғысында осы кезге дейін 9 мыңнан астам адам құрбан болған. Талдаушылардың айтуынша, дәл көздеп ататын жаңа қарулар болмағанда құрбандар саны одан да көбірек болуы мүмкін екен.

Ал АҚШ әскери өкілі лейтенант Кейт Нөүблдің айтуынша, қажетсіз шығынға жол бермеу үшін америкалық әскерлер арнайы дайындықтан өткен.

- Біз әрқашан қарулы қақтығыс заңдары бойынша әрекет жасаймыз. Адамдарға қарсы тікелей шабуыл жасау біздің негізгі мақсатымыз емес. Операция кезінде кісі шығыны барынша аз болуын көздейміз.. Өкінішке қарай құрбандар болып тұрады, - дейді американдық лейтенант.

Ирақтағы одақтас күштер құрбандар санын қадағалап есептеп отырмайды екен. Ал оларды сынайтындар, егер қаза тапқандардың есебі жүйелі жүргізілетін болса, кісі шығынын барынша азайтуға болар еді деген ой айтады.

Бірақ лейтенант Нөүблдің бұл орайда өз пікірі бар.

- Біз соғыс операцияларының барысы және оның нәтижесі жөнінде егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізіп отырамыз. Жіберілген қателерді талдаймыз. Қорытындысын қажет кезде жариялап отырамыз, - дейді лейтенант Нөүбл.

Бірақ ізгілік ұйым өкілдерінің ондай шараларға көңілдері толмайды. Ирақтағы соғыс кезіндегі кісі шығынын зерттеуші топ, батыстық ақпараттар негізінде, көкек айынан бері 7352 мен 9152 арасында деп шамалайды.

Топ жетекшісі Хамит Дардағанның айтуынша, одақтас күштердің азаматтық шығын санын есептемей отырғандығы олардың саяси беделіне кері әсер етуімен байланысты.

- Ирақты азат ету жөнінде айта келе кісі шығыны бойынша ақпарат жинау немесе оны тарату арине ыңғайсыз жағдай, - дейді Дардаған.

Оның айтуынша, соғыстың бас кезінде нысананы дәл көздейтін қарулар жөнінде көп әңгіме болған.

- Бірақ бұл соғыстың 2- дүниежүзілік соғыстан қандай айырмашылығы бар. Сіз танктер, күшті қарулар, зеңбіректермен шабуылға, шайқас қырғынына кіре тұрып, дәлдеп ататын қаруымыз бар деп қалайша ақтала аласыз, - дейді Дардаған.

Оның үстіне , әскери сарапшылардың айтуынша, ирақ партизандары да одақтас күштердің әскери керуендері күзетшілерін жәй ғана бақылап қарап отыра бермейтін болар.

Вашингтондағы Қорғаныс ақпараты орталығының талдаушысы Маркус Корбиннің айтуынша, - АҚШ әскерлеріне күн сайын шабуыл жасап тұрғанда қалайша адам і шығыны бола қоймасын. Әрине, екі жақтан да атыс-шайқастар болады. Өлім, я өмір деген сын сәтте кез келген күтпеген әрекеттер болып жататыны да шындық.

- Негізгісі , АҚШ күштері өз шабуыл әдістерін, стратегиясын өзгертуі қажет. Егер біз бейкүна адамдарды өлтіре берсек, онда ирақ азаматтарының сенімінен жұрдай болатынымыз шындық, - дейді Маркус Корбин.
XS
SM
MD
LG