Accessibility links

Тикрит қаласында АҚШ-тың әскери автокеруені минаға жарылып, одан әскери қызметкер әйел опат болып, 3 адам жараланды.


БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Тикрит қаласында АҚШ-тың әскери автокеруені минаға жарылып, одан әскери қызметкер әйел опат болып, 3 адам жараланды. Жарылғыш тетік АҚШ-тың осы аймақтағы негізгі базасына дәл кіре берісінде іске қосылды. Осы күні Бағдадта Ирақ полициясы полиция кеңсесіне шабуыл жасаған халыққа оқ атты. Тәртіп бұзуға қатысқандар полицейлерді жұмысқа орналастыру үшін пара алады деп айытап, жұмыс тауып беруді талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG