Accessibility links

Израильдің Йордан өзенінің Батыс жағалауында “қорғаныс қабырғасын” тұрғызуды одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдауы палестиндіктердің асқан наразылығын туғызды.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израильдің Йордан өзенінің Батыс жағалауында “қорғаныс қабырғасын” тұрғызуды одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдауы палестиндіктердің асқан наразылығын туғызды. Палестина басшылығы Израиль іс жүзінде автономия жерлерін тартып алды деп мәлімдеді. “Қорғаныс қабырғасының” 150 шақырымы тұрғызылып болды. Жоспарға сәйкес, шамамен 300 шақырымды құрайтын әлгі қабырға тұтас болмайды, кейбір еврей қоныстарын қоршамақ. Осылайша Израиль өкіметі Таяу Шығыстағы бейбіт үдеріске Тель-Авив тосқауыл болып отыр деп есептейтін АҚШ-тың қабағын жылытқысы келеді. АҚШ-тың мәлімдеуінше, Вашингтонның көзқарасы өзгерген жоқ, ол мәселе бойынша Израильмен келіссөздер жалғасуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG