Accessibility links

Колин Пауелдің орынбасары Азия елдерінде ресми сапарда жүр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Пауелдің орынбасары Ричард Армитидж Пәкістан, Ауғанстан және Орталық Азия елдеріне жұмыс сапарын бастады.


Ол ресми сапардың мақсаты - азиялық бұл елдердегі басшылықпен АҚШ басқарған терроршылықпен күрес мәселесі төңірегінде келіссөздер жүргізу дейді департамент өкілі.

Ричард Армитидж атап айтқанда, қазанның 1- 8-і аралығында Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанда ресми іссапармен болмақ, деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер.

Армитидждің айтуынша, Ауғанстан сапары кезінде ол ондағы қауіпсіздік мәселесін талқыламақ. Сондай-ақ, Ауғанстан үкіметіне АҚШ тарапынан берілмек қаржы жәрдемі жағдайын айтпақ.

Өткен ай басында президент Буш Ауғанстанға өзінің жаңа елшісін тағайындап, Конгрестен ол ел үшін көмек ретінде қосымша тағы да 1 млд 200 млн доллар сұрады. Бірақ Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстан кейінгі шаралар үшін Буш сұраған жалпы 87 млд. доллардан 2004 жыл үшін 800 млн доллар ғана бөлініп отыр.

Алдағы кездегі қайта құру істеріне 2003 жылғы бюджеттен 400 млн доллар өткізілсе, оның үштен бірі Ауған Ұлттық армиясы мен полиция күштерін дайындықтан өткізуге арналған.

Ал, 300 млн доллар жол, мектеп, денсаулық орындары құрылысына бөлінген дейді ресмилер.

Армитидж Мемлекеттік департаменттен Оңтүстік Азиядағы арнайы өкіл Кристина Роккамен бірге бейсенбі күні Исламабатта болып , ал жұма күні Ауғанстанға қарай аттанбақ.

Пәкістан президенті Первез Мушарафтың талиптер және Әл -қаидалық бүлікшілдермен күрес нәтижелері жөнінде Армитидж өзінің мақтау сөздерін айтқан.

- Мен түрлі ұлт, тайпалардың күрделі мәселесін шешудегі көмектері үшін президент Мушарафты жоғары бағалаймын, - дейді АҚШ мемлекттік департамент хатшысының орынбасары.

Бірақ ауғанстандық ресмилердің айтуынша , кейбір бүлікшіл қарулы топтар Пәкістанның шекара маңайындағы таулы аймақтарында баспаналап, олардан қолдау тауып отырған сияқты.

Сондай-ақ, шекараның екі жағындағы паштун тайпалары өздерінің талиптермен ұлттық ұқсастығы болғандықтан жаңа үкіметке қырын қарайтын көрінеді.

Қазіргі кезде ауған-пәкістан шекарасында АҚШ жетекшілігіндегі одақтас күштерден талиптер мен әл- қаидалықтар қалдығын іздестіріп 12 мың 500дей әскер жүр екен.

- Қазақстан сапары кезінде Ричард Армитидж АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатыспақ, - дейді Ричард Баучер.

Ал , Өзбекстан сапары қарсаңында, ондағы АҚШ азаматттарына ескерту жасалып, батыстан келіп орналасқан қонақ үйлерге ісләмшіл терроршылар шабуыл жасауы мүмкін деген мәлімдеме таратылған.
XS
SM
MD
LG