Accessibility links

Париждің “Опера Бастилия” театрындағы Джакомо Пуччинидің “Богема” операсының премьерасында Майра Керей (Мұхаммед-қызы) алғаш рет сахнада Мюзетта партиясын орындайды.


АСТАНА: 4 қазанда Париждің “Опера Бастилия” театрында Джакомо Пуччинидің “Богема” операсының премьерасы болып, онда ҚР-сының еңбек сіңірген әртісі әрі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Майра Керей (Мұхаммед-қызы) алғаш рет сахнаға шықпақ. Ол жайында Қазақ ақпарат агенттігіне Қазақстан сыртқы істер министрілігінен хабарланды. Майра Керей – драмалық жағынан да, музыкалық жағынан бүкіл әлемдегі ең сүйікті шығармалардың санатындағы “Богема” операсындағы жетекші партиялардың бірі - Мюзеттаны орындайды. Премьераға Қазақстан елшілігінің өкілдері және Майраның шығармашылығын бағалайтын франсұз тыңдармандары келеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG