Accessibility links

14 қазанда Оралда Жәңгір ханға арналған ескерткіш ашылады.


ОРАЛ: Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 14 қазанда Оралда Жәңгір ханға арналған ескерткіш ашылады. 7 метрлік мүсін – Батыс Қазақстанның аграрлық университеті алдындағы таяуда ғана хан Жәңгірдің есімі берілген алаңға орнатылмақ. Ескерткіш жобасының авторы – республиканың танымал мүсіншісі Юрий Баймұқашев – одан бұрын Астанадағы “Отан қорғаушылар” монументін тұрғызуға, Көкшетаудағы Абылай ханға арналған және Таразда Тұрар Рысқұловқа қойылған ескерткішке атсалысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG