Accessibility links

Қазақстанда республикада азаматтарды әскери борышын өтеуге күзгі шақыру басталды.


АСТАНА: ҚР-сының қорғаныс министрлігінен Қазақстан тудэй агенттігіне хабарланғандай, республикада азаматтарды әскери борышын өтеуге күзгі шақыру басталды. Әскер қатарына шақыру – “Жалпыға бірдей әскери борыш және әскери қызмет туралы” ҚР-сының заңына, мемлекет басшысының 2003 жыл 27 наурыздағы Жарлығына, үкіметтің 4 сәуірдегі Қаулысына және қорғаныс министрінің осы жылдың 27 наурыздағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Оған сәйкес, 1985-1976 жылдарда туған ұл балалар әскери борышын өтеуге шақырылып, әскери бөлімдер негізінен территориялық тәртіп бойынша жасақталмақ, яғни әркім туған өлкесінде қызмет атқаруға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG