Accessibility links

Ұлттық қордың айналымына түскен қаражаттың көлемі 2005 жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгені құрауға тиіс.


АСТАНА: ҚР-сы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің есебі бойынша, Ұлттық қордың айналымына түскен қаражаттың көлемі 2005 жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгені құрауға тиіс. Ол жөнінде Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырыснда экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қ.Келімбетов хабарлады. Оның айтуынша, Ұлттық қордың қаражат көзі болып табылатын кәсіпорындардың тізбегі 2004 жылы оңтайландырылмақ. Министрдің хабарлауынша, әлгі тізбектен түсті металдар экспорттайтын ұйымдар шығарылды. Бірақ ол кәсіпорындар барлық салықты республикалық бюджетке төлейтін болады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG