Accessibility links

Әзірбайжан президенті Г.Әлиев президент сайлауына түсуден ұлы Ильһамға жол беру үшін бас тартады.


БАКУ: Әзірбайжан президенті Г.Әлиев президент сайлауына түспейтінін хабарлады. Бейсенбі күні Әзірбайжан халқына теледидар арқылы оқылған жолдауында Г.Әлиев - өзінің ұлы Ильһам Әлиевтің пайдасына президенттікке үміткерліктен бас тартатынын мәлімдеді. Жүрек сырқатына шалдыққан 80 жастағы Г.Әлиев шілде айының ортасынан бері көпшіліктің көзге түспеді. Ол алдымен Түркияда денсаулығын түзеп қайтса, ал қазір АҚШ-та емделіп жатыр.
XS
SM
MD
LG