Accessibility links

Ирақтағы Арбиль қаласынан 20 шақырым жердегі күрдтердің Бастура ауылында Ирақ полициясы қару жасырылған құпия қойманы тапты.


БАҒДАД: Ирақта Арбиль қаласынан 20 шақырым жердегі күрдтердің Бастура ауылында Ирақ полициясы қару жасырылған құпия қойманы тапты. Полицияның мәліметі бойынша, онда Ресейде шығарылған зениттік зымырандар, тезатарлар, өте көп реактивті оқ және басқа да қару аңғарылған. Құпия қойма сәрсенбі күні аңғарылып, заңсыз қару-жарақ саудасымен шғылданды деген айыппен 3 адам ұсталды. АҚШ әскеріне сүйенген жергілікті билік заңсыз қару ұстаған және қару-жарақ сатқан Күрдістан тұрғындарын 1 жыл мерзімге түрмеге жабумен немесе 100 долларға тең айыппұл төлетумен жазалауда.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG