ВАШИНГТОН: Атом реакторларының қолданысынан шыққан бірнеше мың отын талшығын қайта өңдеу жұмысын аяқтағаны туралы Солтүстік Кәрейдің мәлімдемесін растайтын мәліметтер АҚШ-та жоқ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлдің ерекше атап көрсеткеніндей, Пхеньян осылай деп үшінші мәлімдеп отыр. Соған қарамастан, деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы, ахуал әлі де болса қатерлі болып қалуда және АҚШ, Солтүстік Кәрейді ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру үшін, Ресей, Жапония және Оңтүстік Кәреймен арадағы кеңестерін әрі қарай жалғастыра бермек. Мамандардың есептеуінше, әлгіндей отын талшықтарын өңдеу барысында алынуы мүмкін плутоний – 6-дан 12-ге жуық ядролық бомба жасауға жетіп артылады.
Атом реакторларының қолданысынан шыққан бірнеше мың отын талшығын қайта өңдеу жұмысын аяқтағаны туралы Солтүстік Кәрейдің мәлімдемесін растайтын мәліметтер АҚШ-та жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Халық жылдар бойы несие төлеп келе жатса да, көше неге тас қараңғы?