Accessibility links

БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан мен Ресей, Франсия және Германия өкілдерінің Ирақ бойынша жаңа Қарардың америкалық жобасына көңілдері толмайды.


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан мен Ресей, Франсия және Германия өкілдері Қауіпсіздік Кеңесінде Ирақ бойынша жаңа Қарардың америкалық жобасына көңілдері толмайтынын білдірді. К.Аннан мәлімдегендей, жаңа конституцияны қабылданғанша және демократиялық сайлау өткізгенше Ирақтың толық егемендігін қалпына келттіру туралы оның ұсынысын АҚШ ескермеген. Ресей, Франсия және Германия – Қарардың мазмұнына Ирақты қалпына келтірудегі БҰҰ-ының басшылық рөлі туралы сөз енгізуді талап етуде. Қарардың АҚШ жобасы Ирақтағы биліктің жаңа өкіметке, нақты мерзімі көрсетілмей, бірте-бірте өтуі қарастырылған және, АҚШ-тың жетекші рөлін сақтай отырып, Ирақты қалпына келтіруге БҰҰ-ының белсенді атсалысуы туралы айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG