Accessibility links

Гүлжан Ерғалиева мен Салауат Әзербаевтар шағымы бойынша сот үрдісі

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Алматы қаласындағы нөмірі 29 сайлау округіндегі мәслихат тепутаттығынан үміткер болған кандидаттар Гүлжан Ерғалиева мен Салауат Әзербаевтар шағымы бойынша Медеу аудандық сотында сот үрдісі басталды

Жұма күні Алматы қаласы Медеу аудандық сотында нөмірі 29 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер болған Гүлжан Ерғалиева мен Салауат Әзербаев 20 қыркүйектегі сайлау барысында өрескел заңсыздықтар орын алды дегенді айтып, наразылықтарын білдіріп, сайлау қорытындысымен келіспейміз деп, шағым түсірген болатын. Депутаттықтан үміткер екі азаматтың айтуынша, 500-ден 1100-ге дейін жалған бюллетеньдерді жәшікке тастау арқылы Отан партиясының өкілі Омаровты жеңіске жеткізген көрінеді. Бұл осы №29 округтегі төрт сайлау учаскесіндегі орын алған заңсыздықтар деп отыр шағым түсірушілер.

- Жалған бюллетеньдерді Отан партиясы өкілінің пайдасына тастағандық туралы бізде 100 процент сенім мен нақты фактілер бар, - дейді Салауат Әзербаев. – Біздің бақылаушылар учаскеден кетпей, тапжылмай отырып, бәрін қадағалады. Әрбір азаматты тіркеп, санап отырды. Ал сайлау қорытындысында келген сайлаушылар мен жәшікке салынған бюллетеньдер сәйкес келмейді.

Шағымданушылардың осы арыздары территориялық сайлау округінде назарға алынбады. Ондағылар сайлау барысында заңсыздық болмады дегенді айтқан.

Сотқа шағымданушылар төрт учаскеде де заңсыздықтар тіркеліп, қайткен күнде оппозициялық бағыттағы үміткерлерді депутаттыққа жолатпау мықтап қолға алынды дегенді айтуда.

- Мысалы, № 325 учаскеде тіпті өрескел жағдай орын алды, - дейді Салауат Әзербаев - Бақылаушылар небәрі 20 минут үзіліске шыққанда 500 дауыс берілді дегенге кім сенеді. Ал13 сағат ішінде бар болғаны 260 сайлаушы дауыс берген. Бұл тіпті күлкілі жәйт.

Осы сайлау қорытындысы бойынша, Отан партиясының өкілі, дәрігер Омаров 66 процент дауыс алып, жеңіске жеткен. Сөйтіп, айырмашылық 50 процентке дейін барды дейді Гүлжан Ерғалиева.

Шағым түсірушілердің арызы бойынша, жұма күнгі сот үрдісі одан әрі жалғасты.
XS
SM
MD
LG