Accessibility links

Әзірбайжан президенті Гейдар Алиев президенттік сайлаудан бас тартты.


Бүгіндері Америкада ауруханада жатқан Әзірбайжан президенті Гейдар Алиев Әзірбайжанда қазанның 15-де өтетін президенттік сайлауға қатысудан бас тартты. ҚШ-дың Клевеланд штатында ауруханада жүрек сырқатымен жатқан Гейдар Алиев сайлаудан бас тартуға өзінің денсаулық жағдайының мәжбүр еткенін кеше мәлімдеді. Өз мәлімдемесінде Алиев бүгінгі Әзірбайжан үкімет басы 41 жастағы өз ұлы Илхам Алиевты саяси мұрагерім болады деді. Илхам Алиев президенттікке үміткерлердің бірі. Одан басқа үміткерлер қатарында оппозициялық Мұсават партиясының жетекшісі Иса Ғамбар бар. Иса Ғамбар егде Алиевтың президентік сайлаудан бас тартуы Әзірбайжанда демократиялық күштердің жеңуіне алып келеді деді.
XS
SM
MD
LG