Accessibility links

Ирақта жойқын қару табылмады.


1200 кісілік американдық сарапшылар тобының жетекшісі Ирақ жойқын қаруын айлап іздегеннен кейін Ирақта ондай қару табылмағанын мәлімдеді. Вашингтонда Конгресс мүшелерімен кездескеннен кейін ҚШ әкімшілігінің қару сарапшылар тобының жетекшісі Дэвид Кэй журналистер алдында былай деді: "Біз ондай қару тапқан жоқпыз. Ол деген сөз ондай қарулар жоқ деген сөз емес. Қаруды таба алмай жүргеніміз Ирақ үлкен ел. Көп жұмыс керек". Дэвид Кейдің айтуынша Ирақ жойқын қаруын іздеу жұмыстары тоқтамақ емес. Оған әлі де ең кемінде жарты жыл кетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG