Accessibility links

Европа одағының қорғаныс министрлері Римде екі күндік келіссөздер өткізуде.


Келіссөздердің алғашқы күні Европа одағы қарулы күштерінің тәуелсіз штап-пәтерін құру жөніндегі келісімдермен аяқталған. Евродақ мүшелері Франция, Германия және Бельгия мен Люксембург НАТО-дан өз алдына тәуелсіз әскери штаб құру жөніндегі ұсыныс жасаған болатын. Бұл төрт елдің мәлімдеулері бойынша Евродақтың өз штабының болуы оның әскери күш-қабілетін дамытып, бекітуге көмектеседі деп есептейді. Италияның қорғаныс министрі Антонио Мартино Евродақтың НАТО-дан бөлек әскери штабын құру жөніндегі кез келген ұсынысқа қарсы екендігін білдірген. Ал Грекияның қорғаныс министрі Янос Папантониу келіссөздердің соңына қарай ЕО қорғаныс министрлерінің пікірлері өзара жақындап келеді деген. Бірақ та ол ЕО-тың әскери күштері НАТО-мен байланыста болуы қажет деп айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG