Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Ираққа жасалған соғыс дұрыс болды дейді.


АҚШ президенті Дж. Буш американдық инспекторлардың Ирақта ешқандай жаппай қырып-жою қаруы табылған жоқ деп жариялағандарына қарамастан, Ираққа жасалған соғысты ақтап, қорғау жағында. - Хабарламада Саддам Хусейін жүйесінде биологиялық зертханалардың құпия жүйесі болғандығы, өлім сепкіш құрылғылар мен тиым салынған зымырандар жобасы дамытылғандығы айтылады, - деген ол. Кеше сәл ертерек Францияның сыртқы істер министрлігінің өкілі өз үкіметінің БҰҰ-ның Ирақ туралы жаңа қарары үшін АҚШ ұсынған жобаға қанағаттанбайтындығы турасында айтқан болатын. Эрв Ладсоус жобада Франция қорғаған баптар енгізілмеген дейді. Франция мен Германия және Ресей Ирақ билігінің жылдамырақ уақытша үкіметке берілуін қалайды. Алайда Америка елшісі Джон Негропонте иарқтықтар алдымен жаңа Конститутциясын жазып алсын, содан кейін сайлаулар өтуі керек деген. Кешегі күні Ирақта Саддамның жендеттерінің бірі деп күдіктелген бір адам ұсталғандығын мәлімдеген АҚШ әскерилері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG