Accessibility links

Бүгін Израилдың тікұшақтары Хайфадағы террорлық шабуылдан кейін Палестиннің Газа аймағында әуе шабуылдарын жүргізген.


Әлем елдерінің жетекшілері кеше өзін-өзі жарған жанкешті тероршылардың қастандығынан 19 адам қаза тапқан солтүстік Израилдағы оқиғаны қатты айыптады. АҚШ президенті бұл терроризмнің жан түршіктірерлік әрекеті деп атады. Европа одағы мен БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан, сондай–ақ Ұлыбритания, Франция мен Германия да бұл шабуылды қатал айыптады. Хайфа қаласындағы адам толы мейрамханадағы жанкештілердің шабуылынан тағы да 50 адам түрлі жарақат алған. Шабуыл жауапкершілігн Палестиннің Ислам жихады жауынгерлік тобы өз мойнына алды. Палестиндіктер халықаралық қауымдастықтан Арафаттың қауіпсіздігіне кепілдік берілуін сұраған. Палестин жетекшісі Ясер Арафат та бұл шабуылды айыптады, ал премьер-министр Ахмед Курей бейбіт тұрғандарға қарсы мұндай қастандық әрекеттерге баруды тоқтатуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG