Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш кеше өзінің апталық радио үндеуінде Ирақта алға жылжушылық болу үшін уақыт керек деп, Ирақтың өзін-өзі басқаруына өтуі жеңіл процесс емес деп атап көрсеткен.


- Өзін-өзі басқаруға өту өте күрделі процесс, сондықтан да ондаған жылдарға жалғасқан қысымшылық пен қауіп-қатерден кейін, сенім мен үміт орнатуға уақыт керек болады. Біз бірқатар елеулі табыстарға жеттік, біз Ирақ билігін толықтай оның өз адамдарына қайтарамыз деген уәдемізді мүмкіндігінше жылдам орындауға тырысамыз, - деген президент. Ирақты тұрақтандыру мен оның қайта құрылуына халықаралық күштер мен қаржылай қорды көбірек тарту үшін АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне қарар жобасын ұсынған болатын. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Франция мен Ресей егер Иарқ билігі тезірек оның өз қолына берілсе ғана қолдау көрсетеміз деп шарт қойған-ды. Ирақта кеше жекелеген қақтығыстар кезінде екі адам қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG