Accessibility links

Шешенстандағы президенттік сайлауда Ахмет Қадыров жеңімпаз аталды.


Тілшіміз Муса Хассановтың Грознийдан хабарлағанындай, Шешенстандағы президенттік сайлауда қажетті 80 пайыз сайлаушы дауыс берген. Ахмад Қадыровты Шешенстан президенті болып сайланды деп алдын ала құттықтап жатқандар да бар. Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және ресейлік құқық қорғаушылар Шешенстандағы бұл сайлауға өз өкілдерін жібермеді. Ал өз есімін атамаған бір дауыс беруші

- Сайлау өте әділетсіздік жағдайында өтіп жатыр, - деген

Ал Ресей ішкі істер министрлігінен бір жасақтың айтуынша, - Жұрт Қадыровтың полиция күштерінен қорқады. Оған қаржылай қолдау көрсететіндер баршылық.

Ал Санкт Петербург қаласындағы губернаторлық сайлаудың 2-ші айналымында Кремлдің қолдауындағы үміткер Валентина Матвиенко 63 пайыз дауыс алып жеңіске жеткен.
XS
SM
MD
LG