Accessibility links

Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасындағы «Ашық есік күні»

  • Алма СЕРİКҚАЛИ

Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері - Есентай Тәжиев, әлеуметтік тұрмысы нашар Алматы тұрғындарына, аталмыш ауруханада арнайы «Ашық есік күнін» өткізді.

Хабарда- қазіргі медицинадағы өзекті мәселелер қозғалды. Мәселен, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мен әлеуметтік тұрмысы нашар халықтың медициналық көмекті өз деңгейінде ала алмай отырғандығы. “Бұл ретте, Медициналық сақтандыру агенттіктерінің көмегі зор”,- деп есептейді Есентай Тәжиев. Ал, ауруханаларда ем қабылдап жатқан науқастарға толығымен дәрігерлік көмек көрсетуге, мемлекеттік бюджеттен бөлініп отырған қаражат аздық етуде.

Алматы қалалық Орталық клиникалық аурухананың, Республикалық «Жыл таңдаулысы» байқауына қатысып, «Ең үздік клиника» атағын жеңіп келе жатқандығына да биыл 3-ші жыл. Республикаға танымал аурухана Еуропа, АҚШ, Жапония елдері шығарған ең жетік деген медициналық құрал жабдықтарымен жасақталған. Аруханада- хирургия, терапия, неврология, қан тамырлар хирургиясы, сынық пен жарақат, урологиялық және эндокринологиялық көз микрохирургиясы бөлімшелері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда су және балшықпен емдеу де жүзеге асқан. Жалпы ауруханада стационарлық көмектің негізін, хирургиялық қызмет құрайды. Мықты операциялық блок, бір мезгілде әр түрлі 20 шықты операция жасауға мүмкіндік береді. Ауруханада жылына 11 мың операция жасалады. Сонымен қатар аурухананың құрамында 43 мың адамға қызмет көрсететін емхана бар.

Аурухана әкімшілігі ,әлеуметтік тұрмысы нашар Алматы тұрғындарына арнап, «Ашық есік» күнін жариялады. Бұл күні адамдар ауруханаға келіп, тегін ем алуларына және диагостикалық тексерулерден өтулеріне мүкіндік алды. «Мұндай игі шаралар алдынғы күндерде де , жалғасын табатын болады»,- дейді Алматы қалалық Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор Тәжиев Есентай Бөдесұлы.

Әңгіме барысында Есентай Бөдесұлы: «Қазіргі Қазақстандағы экономикалық дағдарыс дәрігерлер мен халықтың арасындағы түсініспеушілікті молайтып, екі араны қарамақайшылық көзқарасқа әкеп тіреп қойды»,- дегенді айтады.

Сондай-ақ, бас дәрігер қазіргі кезде мемлекет тарапынан аруханаға бөлініп отырған қаражаттың да, аз екендігін тілге тиек етті. Мәселен, орта есппен алып қарағанда, аталмыш ауруханаға түскен әр науқасқа тек 8 мыңнан аса теңге ғана бұйырады екен. Оның ішіне сырқат адамның тамағы,емі және медицина қызметкерлерінің еңбегі кіреді. Ал, ауруханға бөлінетін пеницилин, стрептомицин сияқты антибиотиктер ауруға көмектеспеген жағдайда науқас қымбат анибиотиктерді алуға мәжбүр. Ал, қазіргі кезде Қазақстанда дәрілердің бағасы өршіп тұрғандығын ескерсек, оны сатып алуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. «Осыдан барып, емделушілер мен дәрігерлер арасында салқындық байқалып жатады»,-дейді Есентай Бөдесұлы.

Қазақстанда дәрі-дәрмектің қымбаттығы мен тапшылығы медицина басшыларының қай-қайсын болмасын алаңдатпай отырған жоқ. Мәселен, республикада фармацептика саласының тұралап қалғандығын алға тартқан, Алматы қалалық Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Амантай Біртанұлы , қазіргі таңда республикадағы дәрі-дәрмектің 30 процентке жетпей жатуы дәрілердің шетелден әкелінетіндігінен туындап отырған мәселе деп атап көрсетті. Ол қалса, Қазақстандағы дәріханалардың барлығы жекеменшік иелерінің қолына өткен. Қалалық антимонополиялық комиссиядан бір жапырақ рұхсат қағаз алып алған дәріхана басшылары дәрінің бағасын қалай көтеремін десе де өз еркі. «Ал мені қобалжытатыны, шетелден әкелінген дәрілердің қымбаттығы ғана емес, сапасыздығы болып отыр»,- дейді Амантай Біртанұлы.

«Медицинадағы бұл мәселені шешу үшін - Денсаулық сақтау министрлігі жанынан, ауруханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін арнайы орталық құрылуы қажет»,- деп есептейді Есентай Тәжиев .

Сондай-ақ, Есентай Бөдесұлы, халыққа қажетті дәрігерлік көмекті жақсарту үшін, алдымен Медициналық сақтандыру агенттіктермен жұмысты күшейту қажет дегенді айтады. Себебі, неше жылдан бері мұны тәжірибеден өтіп келе жатқан аурухана , жақсы нәтижелерге қол жеткізгенге ұқсайды. Мәселен, Медициналық сақтандыру компаниясына шартқа отырған бір адам, жылына 20 доллар көлемінде ақша төлейтін болса, ауруханаға жата қалған жағдайда, науқасқа шыққан одан да мол шығынды Медициналық сақтандыру мекемесі өз мойнына алады. «Сондықтан да, бұл ең тиімді жолдың бірі»,- дейді Есентай Бөдесұлы.
XS
SM
MD
LG