Accessibility links

Қырғызстан мен Өзбекстан базарларындағы саудагерлер енгізілген жаңа ережелерге қарсылық білдіруде.


Қырғызстан мен Өзбекстан базарларындағы саудагерлер енгізілген жаңа ережелерге қарсылық білдіруде. Себебі, базар сөресіне кассалық аппараттар қою олар үшін тиімсіз болуда.

Қырғыз және Өзбекстан өкіметтері базардағы саудагерлер үшін жаңа заң қабылдап отыр. Егер базарда тұрып сауда жасағың келеді екен, онда кассалық аппаратпен ғана жұмыс істеуің тиіс. Қазанның 1-інде шыққан бұл заңға қарсы болушы саудагерлер екі елде де наразылықтарын білдіруде. Бұл жаңа заңға байланысты Ташкент, Самарқанд, Термез қалаларындағы наразылық шерулері барысында полиция мен саудагерлер арасында қақтығыстар да орын алған екен. Қабылданған жаңа заң жөнінде Қырғыз Қаржы министрінің орынбасары Әскербек Шәдиев былай дейді. Қырғыз қаржы министрі Болот Әбілдаевтің айтуынша жыл сайын ел өкіметі базаршылардан шамамен үш миллион сомдай салық жинайды екен. Ал, арнайы тексерістер барысында ол көрсеткіш 8 миллион сомды құраған. Осы себепті де кассалық аппараттарды қолдану жөнінде заң шығарылған екен. Тіпті аталған жаңа заңды қуаттаған арнайы мәлімдемесін Қырғыз өкіметі жарыққа шығарып та үлгерді. Мұндай тәсіл арқылы тұралап тұрған ел економикасына көмектесуге болады,-дейді өкімет өкілдері.

Ал, өз ақшасын құнды ету жолында әрекет етіп жатқан Өзбекстан өкіметі үшін саудагерлердің қанша ақша тапқандығын біліп отыру аса маңызды болмақ. Қара базардағы ақша айырбасы, сондай-ақ басқа да көлеңкелі економика әсерлері ел өкіметін осындай қадамға баруға итермелегендей. Сәрсенбіден бастап тамақтан, азық-түліктен басқа заттар базарда емес, арнайы дүкендерде сатылуы тиіс болып отыр. Ташкент базарларында саудагерлер мандыртымды қаржы таба алмайды. Сондықтан олар жаңа заңға наразы болып шеруге шығып отыр. Шеруге шыққан бір өзбек әйелі бұл жөнінде былай дейді. Осы орайда мақала авторы, Азаттық радиосының тілшісі Брюс Паниер: “Ол рас, көптеген саудагерлер салық төлеуден жалтарып кетіп жатады. Алайда, Орталық Азия үшін базар деген ықылым замандық дәстүрі бар әлем емес пе? Базар деген- адамдардың өздеріне қажетті нәрселерін өздеріне таныстау адамдарынан барып сатып алатын жері. Базар деген адамдардың бір-бірімен кездесіп, түрлі ойындар ойнап, мәслихаттасатын жер емес пе?” - деп ой түйеді.
XS
SM
MD
LG