Accessibility links

АҚШ тарапы Сирияға байланысты өз айыптауын тағы да қайталады.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Құрама Штаттары биылғы жылы Сирияға қатысты айыптауын екінші рет жариялап отыр. Ол айыптау бойынша АҚШ-тың бастауындағы коалиция күштерінің Ирактағы әскери шараларына Сирия кедергі келтіруде, - деген кінә артылуда.

АҚШ-тың бастауындағы Ирактағы әскери шараларға Сирия кедергі келтіріп отыр-, деген айыптау жаулық мақсатта емес, ресми Дамаскіге Құрама Штаттарының ресми қысым жасауға тырысуы бағытында жасалуда-, дейді Сыртқы істер бойынша ардагер тұлғалардың бірі. АҚШ-тың Өкілдер палатасындағы Таяу Шығыс және Орта Азия бойынша Халықаралық істер жөніндегі қосалқы комитетінде сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшының көмекшісі Джон Болтон:

“Ирактағы коалиция күштеріне қарсы Сирия жаулық әрекеттер жүргізуде. Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде әскери жабдықтардың Иракқа өткізілуіне ол рұқсат етті. Соғыс кезінде және қазірге дейін біздің әскери қызмет өкілдерін өлтіріп жатқан еріктілердің Ирак жеріне өтуіне Сирия мүмкіндік жасады-, деген еді Болтон мырза. Ол сондай-ақ Сирияның ядролық қаруларды дамытуы мүмкін екендігі жөніндегі Вашингтонның алаңдаушылығын да білдірді. Оның сөзіне қарағанда ресми Дамаск қос мақсатта, яғни бейбіт мақсатта, сондай-ақ әскери мүддеге орай қолданылуы мүмкін технологияға қол жеткізуге тырысу мүмкін.

Ядролық қаруларды жетілдіруге мүмкіндік беретін Ресей сияқты шет мемлекеттерден болатын көмектерді Құрама Штаттарының қадағалап отырғандығын да ол айтып өтті. Болтон мырзаның айтуынша, азаматтық мақсаттағы ядролық қуаттарды пайдалануда Ресей мен Сирия арасында әріптестік орнатылған. Осы аптаның басында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел мырза Иранның қолдауындағы Хезбуллах тобына қолдау көрсетуін Сирияның тоқтатуы жөніндегі АҚШ талабын ресми Дамаск тыңдап отырған жоқ-, деген болатын.

Ал, Сирия Сыртқы істер министрі Фарук әл-Шаара мұндай айыптауларды жоққа шығарды. “Халықаралық заңдылықтарға сәйкес және АҚШ жағынан жасалып отырған негізі, себебі бар талаптарды қабыл алуға Сирия әзір-, деді әл-Шаара мырза. Ирак соғысының алғашқы күндерінде АҚШ қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфелд Иракқа қару-жарақтардың өтуіне мүмкіндік беріп отыр-, деп Сирияны айыптаған болатын. Ол күндері Дамаск мұндай мәлімдемеге қарсылық танытқан еді. Тіпті АҚШ ел басы Джродж Буш соғыс аймағына Сирияны да кіргізуі мүмкін-, деген көзқарастар да пайда болған.

Артынша мұндай ахуалдар басылып қалғандай еді. Содан кейінгі кезеңдерде Сирия тіпті Құрама Штаттарымен әріптестік орнатуға ықыласты сияқты көрінгені де рас. Ал, Болтон мырзаның бұл жолғы мәлімдемесі екінші рет аталған айыптаулардың қайта көтерілуіне мүмкіндік беріп отыр. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл жолғы айыптаулар Америка тарапының жаулық мақсаты емес, қайта ресми Вашингтонның Дамаскіге жағымды және жағымсыз мақсаттағы саяси қысым көрсетуі ғана болмақшы.
XS
SM
MD
LG