Accessibility links

Шымкентте қосалқы электр бекеттерін сатуға наразылық ретінде троллейбустардың қозғалысы тоқтатылды.


Бүгін, Шымкентте бірде-бір троллейбус жолға шыққан жоқ. Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне "Троллейбус паркі" АҚ-ның атқарушы басшысы Алтынай Әшірова хабарлады. Бұл шара паркке қарасты қосалқы 4 электр бекеттін сатуға наразылық ретінде өткізіліп отыр.Троллейбус желілерін тоқпен қамтамасыз етуші 4 қосалқы электр бекетін сатуға бағытталған аукцион өткен аптаның соңында өткізілді. Бұл бекеттер салық берешегін өтеу үшін 3 млн. 600 мың теңгеге сатылған. Ендігі жерде қосалқы бекеттер облыстық әкімшіліктің көлік және коммуникациялар басқармасының иелігіне өтіп отыр. Қазіргі таңда кәсіпорынның ешбір берешегі жоқ. Парк иелігінде үш бағытта қызмет көрсететін 28 көлігі бар. Троллейбуспен қатынау жолақысы 10 теңгені құрайды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG