Accessibility links

Жастарға нашақорлық қаупі төніп тұр

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Есірткіні пайдаланушылыққа байланысты Қазақстанда Республикалық наркологиялық орталықта бақылауда тұрған адамдар саны соңғы үш жылдың көлемінде 49736 мың адамды құраса, бұл санның үштен екісін отызға жетпеген жастар құрайтыны қоғамдық құрылымның шындығында нашақорлық апатының алдында тұрғандығын дәлелдейді.

Алматы қалалық наркологиялық орталықта 19-35 жас аралығындағы жастар арасында 7 мың нашақор тіркелген. Алматы қаласы бойынша ең жас нашақордың жасы 13-те, ал ішімдікпен әуестенушінің жасы 9-да. Сондай-ақ токсикомандар саны да арта түскен.

Жастар арасында бүгінде героинді қолданушылар саны артып отыр. Медициналық тұрғыдан келгенде нашақорлар орталық жүйке жүйесі бұзылған психикалық және физикалық жағынан есірткіге тәуелді мүсәпір жан. Нашақорлар ар-ұят, абырой, намыс сияқты қасиеттерден алыстап опасыз қанішерге айналады.

Статистикалық мәлімет бойынша Алматы қаласында ең көп нашақор жастар Әуезов ауданында - 1199, Түркісіб ауданы бойынша -1166, Бостандық ауданы бойынша - 1129 адам тіркелген. Ең аз нашақоры бар аудан ретінде Медеу ауданы танылған. Медеу ауданы бойынша 597 нашақор жастар дәрігерлер бақылауында тұрады.
XS
SM
MD
LG