Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Израильді Палестина елімен өзара жанжалды ұшықтырмауға шақырды.


Президент Буштың айтуынша Израиль ұшағының Сириядағы бомбы соққысынан айтарлықтай залал келген. Израиль әскери мекемесінен хабарланғанындай, Ливан тарапынан атылған оқтан бір сарбаз қаза тапқан. Жексенбі күні Израиль ұшақтары Сирияда әуе шабуылы жасағаннан кейін ол аймақтағы жағдай күрделене түскендігі белгілі. Израиль өз шабуылын сенбі күні Хаифа қаласындағы жанкештілік шабуылдан кейінгі жауап деп ақтамақ болады. Ол күні Хаифада 19 адам қаза тапқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG