Accessibility links

Қорықтар Дүниежүзілік мұра тізіміне ұсынылды


Қазанның 7-де Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде «Қорғалжын» және «Наурызым» қорықтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне қосу мәселесіне арналған дөңгелек үстел басындағы сұхбат болды.

Оған Германияның NABU табиғатты қорғау одағының мамандары шақырылыпты. Бұл тікелей ЮНЕСКО-ның қолдауымен Дүниежүзілік мұра тізіміне нысандарын ұсынған кез-келген елге көмек көрсетуге құқы бар беделді ұйым дейді Қазақстанның Қоршаған отаны қорғау министрінің орынбасары Еңлік Нұрғалиева.

Нұрғалиева ханымның айтуынша «Солтүстік Қазақстанның өзен көлдері» деген атаумен ұсынылып отырған қорықтар Дүниежүзілік мұра тізіміне енсе оның табиғи байлығын тұтастай сақтаудың мүмкіндігі артады. Сонымен бірге ол жерлерде Әлемдік экологиялық туризмді дамытуға болады. Осы мәселеге арналып бұған дейін 2 семинар-кеңес өткізіліпті. Қазіргі уақытта негізгі дайындық жұмыстары толық аяқталған. Енді ЮНЕСКО-ның алға тартып отырған 2 талабы орындалса мәселе оңынан шешілетін күн алыс емес дейді «Наурызым» қорығының директоры Ғилымхан Молдағұлов.

Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі алдағы уақытта Солтүстік Тянь-Шань Іле Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғат паркін, «Ақсу-Жабағылы» Мемлекеттік қорығын, «Бурабай» және «Баянауыл», «Қарқаралы» Мемлекеттік ұлттық табиғат парктерін Үстіріт Мемлекеттік табиғат қорығы мен Қазақстан Алтайы өңірлерін де Дүниежүзілік мұра тізіміне ұсынуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG