Accessibility links

Қазақстанда оппозициялық партияларға қысым одан әрі жалғасуда.


Қазақстанда ҚДТ белсенділерін сотқа тарту мен оның басшыларының бірі, түрмеде отырған Ғалымжан Жақияновқа кешірімнің берілмеуі елдегі опозициялық партиялардың бастан кешіп отырған хал-ахуалдарын айқын көрсеткендей.

Қазақстанның Демократиялық таңдауы қозғалысы 2001 жылдың қарашасында дүниеге келген еді. Оның басты мақсаттарының бірі - елде демократиялық реформалардың жедел қарқынмен жүргізілуі, яғни саяси саланы демократияландыру, орта тап өкілдерінің мүдделерін көздей отырып, экономикалық негіздерді өрістету болатын. 2001 жылдың желтоқсан айында олардың өз талаптарын ел басшылығы алдына ашық түрде қойғаны да белгілі. Негізгі талаптар қатарында билік тармақтарында тепе-теңдіктің сақталуы, сондай-ақ ауылдық кеңес төрағасынан бастап, облыс әкіміне дейін сайланып қойылуы бар еді. Мұның соңы 2002 жылдың шілде айында бұрынғы Экономика, өнеркәсіп және сауда министрі Мұхтар Әблазовтың алты жылға, ал Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновтың сол жылы тамыз айында жеті жылға бас бостандығынан айрылуымен аяқталған болатын. Биылғы жылдың сәуір айында Әблазовтың кешірім сұрау өтініші қанағаттандырылып, ол саясатпен енді айналыспауға уәде беріп, бостандыққа шығарылғаны да белгілі.

Алайда, Жақияновқа байланысты іс әлі түсініксіз күйінде қалуда. Ең әуелі Жақияновтың зайыбы Қарлығаш ел басына өтініш жолдап, күйеуіне кешірімнің жасалуын сұраған болатын. Одан кейін осы жылдың тамыз айында Ғалымжанның өзі осындай арыз жазған еді. Алайда, елбасы жанындағы Кешірім жасау комиссиясы “Жақияновқа байланысты жаңа істердің пайда болуына орай оның өтініші қаралмайтын болады”-, деді. Қыркүйек айында қазақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақияновқа қарсы жаңа қылмыстық істің қозғалғандығын жариялаған болатын. Осыдан бір-екі апта бұрын Астанада сол комитет өкілдері журналистерге бейне таспа көрсеткен еді. Онда өзіне: "Бостандық берілген жағдайда, оның өтемі ретінде саяси әрекеттерден бас тартасың ба?" деген сауалға Жақиянов “Иә” деп жауап берген еді дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Чарльз Карлсон.



Ал, қыркүйектің 18-і күні Европа Парламенті Жақияновты Қазақстанға демократия мен баспасөз бостандығын және заңдық жүйені алып келуге күш салғаны үшін Сахаров атындағы сыйлыққа ұсынды. Қазақстандағы Журналистерге қолдау көрсету қоры өткен жұма күні Жақияновтың денсаулығына байланысты қатты алаңдаушылық білдіріп, оның тез арада түрмеден босатылуын талап етті.

2002 жылдың шілде айында Қазақ Парламенті елдегі саяси партиялардың Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтуі жөніндегі жаңа заңды қабылдаған болатын. Ол үшін әр партияның ел бойынша мүшелер саны бұрынғы 3 мыңның орнына 50 мыңға дейін жеткізілуі керек делінген еді. Сондай-ақ әрбір облыс пен ірі қалаларда ол партиялар мүшелері 700-ден кем болмауы шарт ретінде қойылды. Соның нәтижесінде 11 партия ғана тіркеуден өте алды. ҚДТ болса қазіргі кезде заңсыз түрде өмір сүруде. Осы себепті бұл партияның өз жұмысын төрт айға доғаруына Астана нұсқау берген болатын. Ал, тамыз айының соңында Атырау қалалық соты ҚДТ-ны заңсыз түрде жұмыс істеп жатқаны үшін ел бойынша оған тиым салу жөнінде шешім шығарған еді. Алайда ол шешім қыркүйек айында алынып тасталды дейді мақала авторы Чарльз Карлсон.
XS
SM
MD
LG