Accessibility links

Евроодақ Шешенстандағы сайлауды қалай бағалады?

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Европа Комиссиясы Шешенстанда жексенбі күні өткен даулы президенттік сайлауға байланысты еркін және әділетті өтті деген баға бере алмай отыр.

Шешенстанда жексенбі күні өткен сайлауға байланысты Европа Комиссиясы бұл сайлау әділетті өтті деп баға бере алмай отырғанын мәлімдеді. Кремльдің қолдауындағы Шешенстан әкімі Ахмад Қадыров сейсенбі күні сайлауда жеңіп шықты, енді ол Шешенстанның халық сайлаған заңды президенті деп жарияланды деп жазады Брюсселден тілшіміз Ахто Лобиякас.

Сайлау қорытындысы бойынша Ахмад Қадыров 80 пайыз дауыс жинаған. Ал, Қадыровтың негізгі бақталастары болса әртүрлі себептермен сайлаудан шеттетілген. Евроодақ өкілі Диего де Охиеда:

- Бір нәрсе анық; ол жердегі жергілікті жағдайдың мейлінше қиын да күрделі екені анық. Ол болса сайлаудың халықаралық үлгілерге сай еркін де әділ өтуіне деген күдікті күшейтеді. Дей тұрғанмен біз үшін ең маңыздысы шешен халқының арасында бұл сайлаудың аздап та болса сенімге, құрметке, былайша айтқанда, заңдылыққа ие болғаны.

Яғни, егер бұл сайлау Шешенстанға бейбітшілік, тұрақтылық әкелсе, біз үшін ең маңыздысы сол деп біледі Евроодақ өкілі.

Халықаралық бейресми ұйымдар бұл сайлауды жаппай айыптағанымен, батыс үкіметтері "әліптің артын баққаны" белгілі. Шешенстандағы бұл даулы президенттік сайлауға ЕО бір де-бір бақылаушысын жібермеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымы да бір де-бір бақылаушысын жібермеді. Евро Кеңес те шет қалды. ЕО өкілі Де Охиеданың айтуынша, ЕО бұ сайлауға қатысты бейресми ұйымдар айтқан сындардың біразына қосылатын көрінеді. Бейресми ұйымдар Ресей әскерилерінің Шешенстандағы аяқ алып жүргізісіз тексеру бекеттерін сынаған еді. Сырттағы Шешенстан азаматтарының дауыс беруге қатыстырылмай, Шешенстандағы Ресей солдаттарының дауыс беруге жіберілгенін сынаған еді. ЕО осындай олқылықтарға қарамастан, Ресей жағының Шешенстанда тұрақтылық орнатуға ұмтылған қадамдарын мақұлдайды дейді ЕО өкілі. Сондай-ақ, бейбітшілікті аңсап отрыған шешен халқының көпшілігінің пікірін құрметтейді дейді.

- Бұл бір елдің өз ішкі сайлауы болғандықтан да біз Шешенстандағы мәселелерді жалпы алып қарап Шешенстандағы жанжалды тоқтатуға бағытталған кез-келген талпынысты қолдаймыз.

Де Охиеданың айтуынша, сайлау арқылы шешен халқының көпшілігі бір мәмілеге келді десек онда бұл сайлаудың бір басты жетістігі болмақ. ЕО бұл сайлауды тәуелсіз бақылаушылар арқылы қадағаламандықтан да, Ахмад Қадыровтың қаншалықты заңды президент екендігі жәйлі де ЕО өз кесімді пікірін айта алмайды дейді ЕО өкілі.
XS
SM
MD
LG