Accessibility links

Қазақстан биыл 17,2 млн тонна астық жинады.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазанның 7-і күні Қазақстанның ауылшаруашылық министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев баспасөз мәслихатын өткізіп,онда 2003 жылғы егін жинау науқанының қортындылары жайында хабарлады.


Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, биыл 17,2 млн тонна астық жиналған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары көрінеді.

-Биыл астық жинау науқаны алты күнге ерте аяқталды. Қазіргі таңда елімізде дәнді-дақылдар 13,6 млн гектардан жиналып, бастырылып 17,2 млн тонна астық жиналды. Дәнді-дақылдардың орташа өнімі 12,6 центнер болып отыр. Бұл жоғарғы көрсеткіш болып есептеледі. Қазақстан соңғы үш жылдың ішінде осы көрсеткішті ұстап тұр.

Биыл дәнді дақылдар 13,8 млн гектар алқапқа себіліп,оның ішінде бидай 11,8 млн гектар алқапқа себілген. Сондай-ақ осы жылы қатты бидай, күріш, арпа, қызылша.жүгері өсірілді. 2003 жылы мемлекет тарапынан егіншілік саласына 26 млрд теңге бөлініп, жұмсалды,- дейді Ақылбек Күрішбаев.

“Биыл Азық-түлік корпорациясы 2,5 млн тонна сатық сатып алады. Астықтың тоннасының бағасы 125 АҚШ доллар. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар ауыл экономикасын көтеруге мол септігін тигізеді деп ойлаймын”.

Ауылшаруашылық министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, республиканың оңтүстік және шығыс аймақтарында күріш, қант қызылшасы, мақта және күнбағыс жинау науқаны әлі аяқталмаған.
XS
SM
MD
LG