Accessibility links

Қазақстанның бірқатар қорықтары Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне кіретін болды.


Бүгін Астанада Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен «Сарыарқа» атты дөңгелек үстелде министрдің орынбасары Еңлік Нұрғалиева қазіргі кезде Қорғалжын және Науырызым қорықтарын «Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзені» атты біртұтас атпен Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне қосу үшін жүргізілген жұмыстардың аяқталғанын айтты. Аталмыш тізімге Солтүстік Тянь-Шань-Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы, «Ақсу-Жабағылы» табиғи мемлекеттік қорығы, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы, «Бурабай-Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы мен Баянауыл және Қарқаралы ұлттық бақтары,Үстірт және қазақстандық Алтай кіргізілмек деп ҚазАқпарат хабарлайды.
XS
SM
MD
LG