Accessibility links

Кеше БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланған АҚШ ұсынған Ирақ бойынша жаңа қарарының жобасы еш нәтижесіз аяқталды.


БҰҰ-ндағы АҚШ елшісі Джон Негропонтенің хабарлауынша, отырыс мүшелері талқылауды жаңа мерзімге қалдыруды ұсынған. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Германия, Қытай, Ресей және Францияның өкілдері Ирақ бойынша жаңа қарар жобасын сынаған. Олар Ирақты қалпына келтіру ісінде басты орын БҰҰ-на берілуі керектігін талап етуде. АҚШ ұсынған қарар жобасында Ирақты соғыстан соң қалпына келтіру ісінде Вашингтонның қомақты үлесі ұсынылған.
XS
SM
MD
LG