Accessibility links

Орталық Азия аймағы апат аймағына айналуы мүмкін бе?

  • Досан БАЙМОЛДА

Орталық Азия аймағы апат аймағына айналуы мүмкін бе? Бұл сұрақ төңірегінде сарапшы мамандар не айтады?

Қыркүйектің 30 нан қазанның 2 сі аралығында Алматыда өткен халықаралық жыйын осы сұраққа жауаптар іздегені анық. Орталық Азия аймағында болуы мүмкін апатты жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған бұл халықаралық конференцияны Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мен АҚШ тың орталық әскери басшылығы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға орталық азия аймағының елдерінің барлығына дерлігі яғни Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның қорғаныс саласы мен төтенше жағдай жөніндегі агенттіктің өкілдері және АҚШ тың орталық әскери басшылығының өкілдері қатысты.

Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің департамент төрағасы Елдар Қонаевтың айтуынша әлемде орын алып отырған төтенше жағдайлардың 2/3 сі Азия құрылығында болады екен, ал бұл мәселеде орталық азияның үлесі де аз емес көрінеді.

Ол конференцияда осыдан біраз күн бұрын Ресейдің Таулы Алтай аймағында болған күшті жер сілкіністері туралы оның көршілес Шығыс Қазақстанға да қатты әсер еткендігін, жер сілкінісі салдарынан көптеген тұрғын үйлер ,мектеп, ауыруханалар қирап, бүлінгендігін айтты. Жер сілкінісі, қатты дауыл, құрғақшылық не топалаң су секілді табиғат апаттары әлемде кездесе береді, оның жолын бөгеу аса қыйын іс болмақ. Ал адам баласы өз қолымен өзі жасаған экология апатына не айтуға болады? Бұнда суы күннен күнге құрып бара жатқан Арал теңізі аймағының жағдайы ең алдымен айтылады. Кеңес империясы тұсында Арал теңізіндегі Барсакелмес және Возрождение аралдары бактерологиялық қару түрлерін сынайтын лабораторияға айналғаны мәлім. Ал Семей аймағы Мәскеудің атом бомбасын сынайтын сынақ алаңы болды. Осы жердің бәрі уланған, экологиялық апат аймақтарына айналды дейді халықаралық экономика саласының маманы, кәсіби дипломат Болатқан Тайжан. Арал теңізі проблемасын бір Қазақстан не Өзбекстан жеке шеше алмайды бұны халықаралық деңгейде шешу керек, бұл мәселеде орталық азия елдерінің өз араларында “бір жеңнен қол бір жағадан бас шығаруы” өте мөте қажет ақ дейді ол. Ауғанстандағы жағдайға байланысты орталық азия аймағын да террористер паналайтын аймақ деп кейбір батыс сарапшыларының көруін өз басым дұрыс деп есептемеймін дейді Болатқан Тайжан.

Қазақстанның Ресей және Қытай институтының директоры Камал Бұрхановтың пікірінше Орталық Азия аймағы апатты аймақ деп есептелмейді. Бірақта халықты жаппай қырып жоятын қару түрлері қазір әлемде таралып кеткен жайдайды ескерер болсақ онда апатты жағдай орын алмайды деп айту тағы қыйын. Екінші бір нәрсе ол осы аймақта орналасқан елдердің ішкі экономикалық және саяси жағдайы шиеленіссе онда қандай бір күтпеген оқиғалар да орын алуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG