Accessibility links

АҚШ Ирақ мәселесі жөніндегі жаңа қарар жобасына нақты өзгерістер енгізуге ниеттеніп отырған жоқ.


БҰҰ-дағы Америка Құрама Штаттарының өкілі Джон Негропонтенің мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің басқа мүшелерінің ұстанымдарына қарамастан, АҚШ Ирақ мәселесі жөніндегі жаңа қарар жобасына нақты өзгерістер енгізуге ниет танытпайды. Оның айтуынша, осыған дейін Вашингтон Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Ирақты қалыптастыруда БҰҰ-ның ролін күшейту сияқты көптеген талаптарын ескерген болатын. Франция, Германия мен Ресей қазіргі қарар жобасына қанағаттанбай, билікті тезірек ирақтықтардың өзіне беру керек деп отыр. АҚШ болса, бұл қарарды 23 қазанда Мадридте болатын Ирақ мәселесі бойынша донор-елдердің кездесуіне дейін қабылдауға тырысуда.
XS
SM
MD
LG